Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылғы тамызда халық нетто-негізде 343,9 млрд теңгеге барабар сомаға қолма-қол шетел валютасын (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) сатып алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
АҚШ доллары негізгі сұраныс валютасы болып табылады: оны сатып алуға шығыстардың негізгі көлемі (71,1%) жұмсалды. Ресей рублі мен еуроның үлестері тиісінше 21,0% және 7,5% болды.
Өткен жылғы тамызбен салыстырғанда қолма-қол шетел валютасын нетто-сатудың жалпы көлемі 4,5%-ға төмендеді, бұл АҚШ долларына сұраныстың азаюымен қамтамасыз етілді (сатып алу шығыстарының 17,0%-ға қысқаруы). Қолма-қол Ресей рублін сатып алуға шығыстардың өсуі (2017 жылғы тамызбен салыстырғанда 56,2%-ға) көп жағдайда ұлттық валюталарды сауда қарым-қатынастарында, әсіресе шекара маңындағы облыстарда пайдаланудың жандануына байланысты. Сонымен қатар қолма-қол ресейлік валютаға сұраныстың өсуі теңгенің рубльге қатысты нығаюымен түсіндіріледі, ол ағымдағы жылғы қаңтар – тамыз аралығында бір рубль үшін 5,77 теңге - 5,35 теңге аралығында 7,3% болды. Кезеңнен кезеңге еуроға сұраныс (2017 жылғы тамызбен салыстырғанда тамызда сатып алу шығыстарының өсуі 46,6% болды) жылдың жекелеген айларында ұлғая отырып, тұрақсыз болып қалуда.
Тұтастай алғанда, қолма-қол шетел валютасына сұраныс өткен жылдардың орташа статистикалық деңгейінде тұр және жеке тұлғалардың жеке шығыстарына (шетелге туристік сапарлар, шетелге ақша аударымдары, жинақтарды әртараптандыру) ақы төлеу қажеттілігімен, негізінен сауда қызметін жүргізетін шағын кәсіпкерліктің жекелеген санаттарының қажеттіліктерімен айқындалады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024