Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың төрт айында халықаралық жүйелер арқылы ішкі ақша аударымдарының көлемі 11,3 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 55,8%-ға аз, деп хабарлайды Finprom.
Сондай-ақ, транзакциялар саны 53,4%-ға, 48,6 мыңға дейін азайды.
Бүл ретте, 2019 жылдың алғашқы төрт айындағы аударымдардың жиынтық көлемінің 44%-дан астамы теңгемен, тағы 43%-ы доллармен жасалды.
Өткен жыл ел ішіндегі аударым көлемі бойынша рекордты кезең болды. Жыл ішінде аударым көлемі 72,9 млрд теңгені құрады, транзакциялар саны — 294,5 мың теңге. 2017 жылмен салыстырғанда көлемі бойынша 3,1 есе өсім байқалады.
Елдегі ақша аударымдарының шамамен жартысы «Золотая Корона» жүйесіне тиесілі - 5,3 млрд теңге. Екінші орында Faster - 942,9 млн теңге, одан әрі Contact - 506 млн теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024