Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — Google қазақстандық пайдаланушылардың 2019 жылғы ең танымал сұраныстарының қорытынды рейтингін ұсынды.
Ақпаратқа сәйкес, ел тұрғындарының Google-дегі ең танымал іздеу сұранысы "Тақтар таласы 8" сериалы болды. Сондай-ақ, ең көп ізделген 10 сұраныстың қатарына қазақ-орыс аудармашысы, континенталды хоккей лигасы, "Кек алушылар" финалдық бөлімі, «Hercai» (Ветреный) және «ИП Пирогова» сериалдары бар.
Сонымен қатар, Google-дің қазақстандық пайдаланушыларын атақты адамдар және саясаткерлер туралы ақпарат қызықтырды. "Жыл адамы" танымал тележүргізуші, әнші және актриса Юлия Началова болды. Екінші орында - Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та «Жыл адамы» санатындағы ең үздік сұраныстарға кірді. Владимир Зеленский, Жанар Хамитова, Децле, Әміржан Қосанов, Алла Вербер және Билли Айлиш жайлы ақпараттар да жиі сұралған.
2019 жылы фильмдер арасында үздік үштікке "Кек алушылар. Финал", "Арыстан патша" және "Джокер" енді. Қазақстандықтар "Айдаһар мінген шабандоздар 3" мультфильмінің үшінші бөлігі, "Аквамен" және "Капитан Марвел" комикстері негізіндегі фильмдер, сондай-ақ "It Chapter Two" (Оно 2) және "Малефисента: Түнек әміршісі" танымал фильмдерінің жалғасы туралы ақпарат іздеді.
Жыл сериялары санатында Game of Thrones (Тақтар таласы) сериалының соңғы маусымы көшбасшы болды. Белгілі болғандай, ел азаматтары түрік және оңтүстік кореялық сериалдарды ұнатады, осыған байланысты ТОП-10 тізіміне «Hercai» (Ветреный), "Zalim Istanbul" (Жестокий Стамбул) сериалдары мен "Hotel Del Lun" (Отель дель Луна), "Graceful Family" (Изящная семья) дорамалары кірді.
Сондай-ақ, 2019 жылы қазақстандықтар арасында "Чернобыль", «ИП Пирогова», "The Peaky Blinders" (Острые козырьки) и «Ивановы Ивановы». сериалдары танымал болды.
2019 жылы «Жыл сатып алуы» санатында теміржол билеті жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, қазақстандықтардың авиабилеттерді, киноға, FlyArystan әуекомпаниясына және "Манчестер Юнайтед – Астана"матчына билеттерді қалай сатып алуға қызығушылық танытты. Қазақстандықтар Алматыдан үй мен Қарағандыдан пәтер сатып алу, сондай-ақ Армениядағы кондиционер, электр скутерлер мен автомобильдерді сатып алу туралы ақпаратты қайта іздестірді.