Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылдың басында ипотекалық қарызды онлайн-мақұлдау бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатовтың айтуынша, бұл жоба «7-20-25» бағдарламасының аясында өтеді.
Оның айтуынша, жоба әлеуетті қарыз алушы үшін жүйені дамытуды көздейді, бұл ипотекалық несие алу мүмкіндігін қарастыруға және банктен мақұлдауды алуға мүмкіндік береді.
«Ипотекалық қарыз алуға өтініш беру кезінде талап етілетін барлық құжаттар, анықтамалар мен есептер бойынша электрондық мұрағат қалыптастырылады. Бұл қағаз құжаттамасын жинау мен сақтау қажеттілігін жояды», - деп атап өтті ол.
Байқуатовтың сөзінше, жүйенің қаржы институттарының ақпараттық негіздерімен толықтай интеграциялануы әлеуетті қарыз алушы, серіктес банк және «Баспана» арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдетеді.
«Бұл несие беру мен мақұлдау процесін айтарлықтай оңтайландырады және жеделдетеді, сол арқылы бағдарламаны іске асыру кезінде оң нәтиже береді», – деп қорытындылады Байқуатов.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024