Экономика
Кселл-дің аctiv music, activ TV және Bookmate сервистерін 50 мыңнан астам адам қолданған
Бүгін "Кселл" АҚ басшылығы журналистермен кездесіп, activ music, activ TV және Bookmate атты жаңа сервистерінің үш айлық нәтижесі туралы айтты. Бұл қосымшалар ақпан айының басында таныстырылған еді.
Сервистер іске қосылған үш айда қосымшаларды елу мың адам пайдалана бастапты. Бұлардың ішінде Bookmate ең танымал қосымша болып отыр: ақпан айынан бері 25 мың адам бұл қызметтің жазылушысы атанған. 18 мың адам activ music-ке жазылса, 6 мың қолданушы activ TV сервисін пайдалана бастаған. activ music сервисінде Қазақстандық әншілер арасындағы ең көп тыңдалған трек Қайрат Нұртастың «Байқа» әні болды. Ал Александр Воробьевтің «Сумасшедшая» атты әні ресейлік орындаушылар арасында ең жиі тыңдалған ән ретінде танылды. Шетелдік әндер ішінде Drake ұсынатын «Hotline Bling» трегі ең көп тыңдалған екен. Сервистің ең танымал плейлистерінің рейтингін «аctiv TOP 30» бастады. Телеарналарды ыңғайлы жолмен көруге мүмкіндік беретін activ TV сервисінің ең көп қаралған ТОП-3 тізімінде 31 арна, 7 арна және КТК көш бастады. «Спорт» қосымша топтамасы да Kcell және activ абоненттері арасында танымал болып отыр. Бір күн ішіндегі қосымша арқылы телеарналардың ең жиі қаралатын уақыты – 20:00. Bookmate сервисінде қазақстандық қолданушылардың сұранысына ие болған кітаптардың ТОП-10 тізімнің басында ағылшын жазушысы Джоджо Мойестің «Сенен кейін» атты кітабы тұр. Екінші орынға Стейс Крамердің «Өзіме қол жұмсағанға дейін 50 күн» атты шығармасы жайғасты. Американдық психолог Роберт Чалдинидің «Ықпал ету психологиясы» оқу құралы үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ Стивен Ковидің «Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті. Жеке тұлғаны дамытудың қуатты құралдары» кітабы, Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» романы, танымал американдық жүргізуші Стив Харвидің «Әйел секілді іс істеп, еркек сияқты ойлан. Ер адамдар не себепті ғашық болады, бірақ үйленбейді және ер-азаматтардың басқа да құпиялары» шығармасы, «Сенімен кездескенге дейін» атты Джоджо Мойестің тағы бір еңбегі, Стив Харвидің «Ер адамдар туралы ештеңе білмейсіз» кітабы және жазушы Джон Гриннің «Жұлдыздар кінәлі» романы ТОП-10-қа кірді. «Түнгі барлау» (авторы Сергей Лукьяненко) және «Кремльдің бүкіл әскері» (авторы Михаил Зыгарь) кітаптары ең жылдам оқылған шығармалар атанды. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы аталған уақыт ішінде үзінділері ең көп пікір қалдырған кітап болып танылды. Бір айта кетерлігі, аталған қосымшаларды қолдану ақылы. Күніне 19 тг көлемінде абоненттік төлем алынады. Сәйкесінше айлық не жылдық пакетті сатып алып, "Премиум" нұсқасын қолдануға болады. "Тегін сервистермен бәсеке жоғары. Себебі осыған балама болатын қосымшалары саны өте көп. Бірақ бұл қосымшалардың өнімдері толықтай заңға сәйкес, авторлық құқықпен қорғалған. Қазақстандықтар болашақта авторлық құқығы қорғалған контентті қолдана бастайды деп сенеміз" дейді компания қызметкерлері.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024