Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың маусым айында қазақстандықтар 6 мыңнан астам жеңіл автомобиль сатып алды. Бұл мамырдағы көрсеткіштен 2,7%-ға артық және өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 12,5%-ға көп, деп мәлімдеді Еnergyprom.kz.
Жалпы, бірінші жартыжылдықта жаңа жеңіл автокөліктерді сату 30,8 мың көлік құралына жетті, жыл ішінде өсім бірден 18,3%-ды құрады.
Сатылымдағы отандық автомобильдердің үлесі бір жыл ішінде 47,1%-дан 55,8%-ға дейін өсті; импорт үлесі тиісінше 52,9%-дан 44,2%-ға дейін төмендеді.
Қазақстандық автозаводтар шығарған жаңа жеңіл автокөліктерді сату бір жыл ішінде 40,1%-ға, жарты жылда 17,1 мың көлікке дейін өсті. Импорттық машиналар тек 13,6 мыңы сатылды — өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға кем.
Ағымдағы жылы барлық жаңа жеңіл автокөліктердің үштен бір бөлігі «БИПЭК АВТО» дилерлік тобы арқылы сатылды: 33,5% (бір жыл бұрын — 30%), немесе 10,3 мың, бір жыл ішінде 32%-ға өсті.
Екінші орында - "Astana Motors" : 25,1% (бір жыл бұрын — 21,3%), немесе 7,7 мың авто, бір жыл ішінде өсім — 39,6%.
"Вираж" көшбасшылар үштігін жабады: 6,1% (бір жыл бұрын — 8,8%), немесе 1,9 мың авто — өткен жылмен салыстырғанда 17,4%-ға кем.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024