Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Қазақстан төлқұжаттар рейтингінде 69-орынға ие болды, қазақстандықтар 75 елге визасыз бара алады. Бұл туралы Henley & Partners компаниясы дайындаған 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы төлқұжат индексінде көрсетілген.
"Егер Қазақстанның соңғы 10 жылдағы көрсеткіштерін сараптайтын болсақ, айтарлықтай прогресті көруге болады. 2009 жылы Қазақстан азаматтары визасыз әлемнің 47 еліне, 5 жыл бұрын 66 еліне барған еді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компанияда өткен тоқсанда Қазақстанның көрсеткіші жоғары болғанын атап өтті - 65-ші орын және 76 елге визасыз бару. Джибути мен Бенин соңғы айларда өзінің визалық саясатын өзгертті, енді Қазақстан азаматтары келу визасының орнына электрондық визаны алуы тиіс. Сонымен қатар қазақстандықтар 2019 жылдың қазан айының соңына дейін Черногорияға визасыз қатынау мүмкіндігіне ие болды.
Бұдан басқа, индексте бірінші орынды Жапония мен Сингапур алады, олардың төлқұжаттары әлемнің 189 еліне визасыз келуге мүмкіндік береді. Үш ай бұрын бірінші орында болған Оңтүстік Корея енді Германиямен және Финляндиямен (187 ел) бірге екінші орынға ие болды. Көшбасшылар үштігін Дания, Италия және Люксембург (186 ел) қорытындылайды.
Бұл ретте, индекстің бірінші жолдарындағы өзгерістер негізінен Пәкістанның визалық саясатын жеңілдетуден туындады. Туристерді тартуға және экономиканы ынталандыруға үміт артып, Пәкістан енді Финляндия, Швейцария, Испания және Мальта сияқты 50 елдің азаматтарына виза ұсынады. Бір қызығы, бұл жеңілдету АҚШ-қа да, Ұлыбританияға да қолданылмайды. Екі ел де 6-шы орында (183 ел), бұл 2010 жылдан бері ең төменгі көрсеткіш.
Айта кетейік, бұған дейін визалық шектеулер индексі ретінде белгілі төлқұжат индексі (2018 жылы қайта аталды) - елдердің өз азаматтарына ұсынатын еркін қозғалыс деңгейі бойынша халықаралық рейтингі. Индекс 2006 жылдан бастап әлемдегі ең үлкен туристік ақпарат базасын қолдайтын Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта шығарылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024