Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz - Құмар ойындарға және бәс тігуге бейінді компаниялар бір жыл ішінде 19,5 млрд теңге тапқан.
2017 жылмен салыстырғанда (16,8 млрд.теңге) осы мекемелердің табысы 16,1%-ға өсті.
Бұл ретте, ойын бизнесіне төленген салық 2,3 есеге артты. 2017 жылы республикалық бюджетке 11,7 млрд теңге түссе, 2018 жылы компаниялар 26,8 млрд теңге төледі.
2013 жылдан бастап құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін ұйымдар саны 23,2%-ға, 2017 жылы 142-ден 109 компанияға дейін қысқарды.
Айта кетейік, Қазақстанда салық ставкаларының өсуіне байланысты заңды казино жабылатыны белгілі болды. Сондай-ақ, ойын бизнесі мен бәс тігуді ұйымдастырушыларға жыл сайын спортты дамытуға таза пайданың кемінде 15%-ын бағыттауды міндеттейді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024