Алматы. 4 ақпан. 7kun.kz – Жеке тұлғаларға шетелге шыққанға дейін берешегі туралы ақпаратты алдын ала білуіне мүмкіндік беріледі, - деп хабарлайды ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі күні кез келген салық төлеуші E.gov (ЖТ, ЗТ), МКК порталында (ЖТ, ЗТ), Салық төлеушінің кабинетінде (ЖТ, ЗТ), электрондық банктік қызметтер (ЖТ) жүзеге асырылатын электрондық қызметтер арқылы БСН/ЖСН бойынша салықтық берешегі туралы онлайн-режимінде өзекті мәліметтерді ала алады.
Сондай-ақ, 2018 жылы Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының төлеушілері үшін пилоттық режимде көлік құралдарына арналған салығы бойынша алдағы төлемдері туралы жаңа қызмет іске қосылды. Бұл қызмет E.gov порталында және МКК порталында жеке тұлғалар үшін жүзеге асырылады, сондай-ақ биыл ол банк жүйелерімен біріктірілетін болады. Қызмет алдағы салық сомасын оны төлеу уақыты басталғанға дейін білуге, сондай-ақ дайын деректемелер бойынша электронды қызметтер арқылы салықты төлеуге мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны жүргізу нәтижесі сәтті болған жағдайда, қызмет бүкіл ел бойынша жеке тұлғалардың барлық салықтары бойынша тираждалатын болады.
2019 жылдың тамыз-желтоқсан айларында Қазақстанның барлық аумағында жеке тұлғалардың салықтары бойынша алдағы төлемдер туралы смс-таратуды, сәуір мен қазан айларында берешектер туралы мәтінді хабардар ету туралы смс-таратуды іске қосу жоспарлануда.
Осылайша, салық төлеушілерге шекарадан шыққанға дейін берешегінің бар екені туралы алдын ала білуіне мүмкіндік беріледі. Алайда, бұл олардың тарапынан төлеуге кепілдік бермейді.
Мұндай жағдайларда терминалдар мен мобилді қосымшалар арқылы нақты уақыт режимінде берешегін төлеуге болады. Яғни, төлегеннен кейін бірнеше минут ішінде берешектің өтелгені туралы өзекті мәліметі алуға болады.
Осы мақсатта электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы банктермен біріктіруді жүргізілді. Банктермен тікелей өзара іс-қимыл жасау төлемдер туралы ақпараттарды алу уақытын бірнеше минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Бұрын ақпарат 2-3 күн ішінде Қазынашылық комитетінен келіп түсетін.
«Мысалы, біз Kaspi.kz мобилді қосымшасының клиенттері шамамен 6 миллион жеке тұлға Каспий банкімен, Homebank мобилді қосымшасын пайдаланушылары шамамен 5 миллион жеке тұлға Халық банкімен біріктік.Биыл біз берешектерге қызмет көрсету, алдағы төлемдер және салық төлеу бойынша басқа банктермен және бизнес-ұйымдармен интеграция бойынша жұмысты жалғастырамыз», - делінген хабарламада.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024