Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату көлемі 798,7 млрд теңгені құрады.
Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, америкалық валютаны сатып алуға қазақстандықтар 365,3 млрд теңге жұмсады. Ресей рублдері айырбастау пункттерінде 183,4 млрд теңгеге, еуро - 105,2 млрд теңгеге және юань - 264,1 млн теңгеге сатылды.
Ең көп долларды Алматыда сатып алды. Бұл валютаға тұрғындар төрт айдың ішінде 148,2 млрд теңге жұмсады. Сатып алу көлемі бойынша екінші орында Шымкент тұр – 51,4 млрд теңге.Ал америкалық валюта Түркістан облысында ең аз сұранысқа ие болды - 1,2 млрд теңге.
Қаңтар-сәуірде еуро сату бойынша алдыңғы орында Алматы. Оңтүстік астананың айырбастау пункттері еуроны 58,2 млрд теңгеге сатқан. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 10,7 млрд теңге. Ал Түркістан облысында керісінше, 89,7 млн теңгеге еуро сатылды.
Төрт ай ішінде Ресей валютасын Қостанай облысында ең көп сатып алған. Бұл аймақта оған 20,6 млрд теңге жұмсалған. Бұдан әрі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 27,7 млрд теңгеге рубль сатып алған. Жамбыл облысында рубльді сатып алуға 940 млн теңге аз жұмсалған - бұл елдегі ең төмен көрсеткіш.
Юанға келер болсақ, Ұлттық банктің мәліметінше, есептік кезеңде бұл валютаны Алматы тұрғындары – 205 млн теңгеге және Алматы облысы – 27,7 млн теңгеге сатып алған. Юанға Ақмола облысы тұрғындарының қызығушылығы аз - 2,8 млн теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024