Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz – Шілде айында қазақстандықтар шетел валютасын сатып алуға 241,1 млрд теңге жұмсады, бұл өткен жылдың шілде айындағы көрсеткіштен 3,7 млрд теңгеге артық.
Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, айырбастау пункттері америкалық валютаны 147,1 млрд теңгеге, ал рубльді 48,9 млрд теңгеге, еуроны 44 млрд теңге және юаньды – 46,4 млн теңгеге сатқан.
Алматыда ең көп доллар сатып алынды. Бұл валютаға бір ай ішінде тұрғындар 41,9 млрд теңге жұмсады. Шымкент сатып алу көлемі бойынша екінші орында – 27,7 млрд теңгеге. Атырау облысында валютаға 15,1 млрд теңге жұмсалды. Америкалық валютаға сұраныс Нұр-Сұлтанда (1,7 млрд теңге) және Алматы облысында (1,5 млрд теңге) аз болды.
Еуро сату бойынша көшбасшы позиция Алматыға тиесілі, онда валюта айырбастау пункттері осы валютаны 19,5 млрд теңгеге сатты. Екінші орында Нұр-Сұлтан – 8,7 миллиард теңге. Бірақ Түркістан облысында, керісінше, евро тек 92,1 миллион теңгеге сатылды.
Шілде айында Ресей валютасын Шығыс Қазақстан облысында ең көп сатып алған – 8,3 млрд теңге. Одан кейін Қостанай облысының тұрғындары 5,9 млрд теңгеге рубль сатып алды. Жамбыл облысында рубльді сатып алуға 265,1 млн теңге жұмсалған — бұл елдегі ең төмен көрсеткіш.
Юаньға келер болсақ, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, аталған валютаны алматылықтар 34,3 млн теңгеге және Нұр-Сұлтан тұрғындары 8 млн теңгеге сатып алған. Бұл валютаға Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұрғындарының қызығушылығы аз, олар әрқайсысы 200 мың теңгеге юань сатып алды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024