Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар–наурыз айларында компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды және басқа да жеке тұтыну заттарын жөндеу бойынша қызметтер көлемі 9,8 млрд теңгеге жетті — бұл рекордтық көрсеткіш. Бір жыл ішінде өсім 24,6%-ды құрады, деп хабарлады Finprom.kz.
Көрсетілген қызметтердің нақты көлем индексі өткен жылға 122,2% болды (бір жыл бұрын — 116,5%).
Қызмет көлемінің жартысы компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеуге жұмсалды — 4,9 млрд теңге. Екінші орында коммуникациялық жабдықтарды жөндеу — 1,2 млрд теңге немесе барлық қызметтердің 12,6%-ы.
Тұрмыстық техниканы жөндеу бойынша қызметтер көлемі 1 млрд теңгені, тігін бұйымдары, бас киімдер мен тоқыма галантерея бұйымдары — 939,6 млн теңгені құрады. Басқа қызмет түрлеріне 1,7 млрд теңге жұмсалды.
ҚР өңірлері арасында көшбасшы үштігі компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу бойынша қызметтердің барлық көлемінің үштен екісін шоғырландырды. Алматы көш бастап келеді, көлемі 4 млрд теңге — өткен жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық. Екінші орынды Нұр-Сұлтан алады: 1,7 млрд теңге, жылдық өсім - 37%. Көшбасшылардың үштігін Қарағанды облысы қорытындылайды: 904,1 млн теңге, өсім — 84,2%.
Саладағы қызметтер көлемі тек екі өңірде — Жамбыл (15,1%-ға, 195 млн теңгеге дейін) және Батыс Қазақстан (10,6% - ға, 288,3 млн теңгеге дейін) облыстарында қысқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024