Қазақстан мен Еуропалық Одақ (ЕО) өкілдері визалық режимді жеңілдету және нарықтық экономикадағы Қазақстанның мәртебесі туралы келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.
СІМ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, екі тарап 2015 жылдың желтоқсан айында қол қойылған сауда-экономикалық саласындағы келісімді потенциалды жүзеге асыру перспективалары мен кеңейтілген ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім перспективаларына баса назар аударған.
"Біз экономика, инвестиция, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, жаңа технологиялар және екі жақты сауданы дамыту салалары бойынша өзара әрекеттестікті нығайтуға келісім жасадық. Сондай-ақ, күн тәртібінде азаматтарымыз үшін ЕО елдеріне визалық тәртіпті жеңілдету мәселесі талқыланды", - деді Роман Василенко.
Сондай-ақ, ЕО елдерінің республикадағы ірі сауда және инвестициялық серіктес екені аталып өтті. Еуроодақ үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 51,4%-ы тиесілі. 2015 жылы сауда айналымы 31 млрд доллардан жоғары болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024