Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстандықтар Жаңа жылды Еуропа мен тропикалық елдерде жиі қарсы алатын болған. Бұл туралы Global Holiday атқарушы директоры Эльнара Етимова айтты, - деп хабарлайды LS.
Оның сөзінше, жаңа жылдық саяхаттарға сұраныс жыл сайын бірқалыпты. Бірақ, биыл брондау қараша айынан басталған.
«Рейстердің дені қазір толып қалды. Әсіресе тұрақты емес, чартерлік бағыттар: Вьетнам, Таиланд, Хайнань. Биыл сондай-ақ Жаңа жылға Түркия (Анталия), Үндістан (Гоа), Мысыр және БАӘ ашылды. Бұл кезеңде әдетте танымал бағыттарға сұраныс өзгермейді, бірақ биыл қазақстандықтар Малайзияға (Лангкави) да ұша бастады», – дейді Эльнара Етимова.
Жылы жақта демалып қайту, орташа алғанда, бір адамға $1,5 мың долларға түседі. Демалуға ең арзан бағыт БАӘ болса, қазақстандық туристер үшін қымбатқа соғатын ел Малайзия екен.
Эльнара Етимова соңғы жылдары еуропалық бағыттарға сұраныс көбейгенін айтады. Егер бұрын Еуропа елдеріне жолдама сатып алатындар бірлі-жарым ғана болса, ал бүгінде сұраныс едәуір артқан.
«Адамдардың өз бетінше саяхат жасауда бұрынғыдай қорқынышы жоқ, қазір туристердің білімі мен тәжірибесі бар», – дейді ол.
Ал мерекені елде қарсы алатындар танымал демалыс орталықтарынан алдын ала орын алып қояды.
«Алматы облысының тау-шаңғы базаларында Жаңа жылда бос орын қалмайды. Өзгелерінде де осы жағдай. Курорттар мереке күндері қонақүйлерде тұру бағаларын сақтайды, кешкі бағдарламалар мен мерекелік мәзір ұсынады, бұл әрине әдеттегі күндерден қымбатырақ болмақ», – дейді компанияның атқарушы директоры.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024