Алматы. 12 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы тамызда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 89,3 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,1% артық.
Осы кезеңде қазақстандықтардың нақты ақшалай табыстары 2%-ға өсті.
2018 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 160,5 мың теңгені құрады.
Өткен айда жұмыссыздар саны 441,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалды. Ал, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген қазақстандықтардың саны қыркүйектің соңында 146,8 мың адамды немесе жұмыс күшінің 1,6% құрады.
Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам қызметкер қысқартылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қызметкерлер саны немесе штаты қысқарған 290 кәсіпорын болды. Айта кетейік, жұмысынан айрылғандардың көпшілігі Қазақстанның екі ірі қаласында байқалады. Астанада 97 мекеме 901 қызметкерді қысқартты. Алматыда - 87 компаниядан 929 адам.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024