Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – 2022 жылдың үшінші тоқсанында халықтың ақшалай табысы 245,5 мың теңгеге жетті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға артық, деп хабарлайды 7kun.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Өңірлер бойынша ең көп табыс елордада тіркелді. Онда кірістер жан басына шаққанда орта есеппен 339 мың теңгені құрады, жылдық өсім – 15,7%.
Екінші сатыда Қарағанды облысы (332,3 мың теңге, +21,4%). Үздік үштік қатарына ШҚО кірді (312,7 мың теңге, жылдық өсім 31,8%).
Ең төменгі кірістер Түркістан облысында тіркелді: жан басына шаққанда 156,4 мың теңге, +15,6%. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен.
Қазақстандықтар табысының басым бөлігін (76,3%) еңбек қызметінен түскен кірістер құрады: 180,4 мың теңге, жылдық өсім – 21,9%. Оның ішінде жалдамалы жұмыстан түскен табыс – 157,2 мың тг, өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс – 23,2 мың тг.
Әлеуметтік трансферттер бір жылда 3,3%-ға, 55,1 мың теңгеге дейін артты. Оның ішінде зейнетақы – 44,8 мың теңгеге, жәрдемақы – 9,1 мың теңгеге, шәкіртақы – 1 мың теңгеге, АӘК және тұрғын үй көмегі 239 теңгеге өсті.
Туыстары мен таныстарынан алынған материалдық көмек және алимент түріндегі табыс 6,2%-ға артып, 5,5 мың теңгеге жетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024