Алматы. 29 қазан. 7kun.kz — 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгені құрады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Оның ішінде МЗЖ (міндетті зейнетақы жарналары) бойынша - 10,2 трлн теңге, МЗЖ (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары) бойынша - 233,6 млрд теңге, МЗЖ (ерікті зейнетақы жарналары) бойынша - 1,9 млрд теңге.
Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,04 млрд теңгені немесе 11%-ды құрады, оның ішінде таза инвестициялық кіріс есебінен - 481,9 млрд теңге, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша түсімдер есебінен - 714,3 млрд теңге, бұл ретте төлемдер 154,2 млрд теңгені құрады.
Есепті кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоттары ашылды, оның ішінде МЗЖ есебінен - 273,6 мың шот. Оның 64%-ын 30 жасқа дейінгі салымшылар ашты. Қарастырылып отырған кезеңдегі орташа айлық міндетті зейнетақы жарнасы 17 149 теңгені құрады.
2019 жылдың 9 айында белсенді салымшылар саны 6,1 млн адамды құрады, оның ішінде 6 және одан да көп жарна алғандар - 4,6 млн адам. 2018 жылы белсенді салымшылардың саны 6,4 млн адамды құрады, оның ішінде 6-дан 12-ге дейін жарна алғандар - 4,96 млн адам.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында салымшылардың жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық кіріс 481,9 млрд теңгені құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің табыстылығы ұқсас кезеңдегі инфляция 5,3% кезінде 8,4%-ды құрады, бұл өз кезегінде зейнетақы активтерінің нақты оң табыстылығын куәландырады.
Жыл басынан бері зейнетақы төлемдері 154,2 млрд теңгеге тең болды (бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 23,2 млрд теңгеге немесе 18%-ға жоғары): зейнеткерлік жасқа жеткендерге - 51,0 млрд теңге; 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға – 1,3 млрд теңге; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне байланысты – 35,1 млрд теңге; мұрагерлік бойынша төлемдер – 20,2 млрд теңге; жерлеуге төлемдер – 2,3 млрд теңге; басқа тұлғаларға – 0,1 млрд теңге; өмірді сақтандыру компаниясына – 44,1 млрд теңге.
Кестеге сәйкес ай сайынғы төлемдердің орташа сомасы 21 022 теңгені, ал төлемнің ең жоғары сомасы 514 666 теңгені құрады.
Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгені құрады, оның ішінде ерлерде - 1,2 млн теңге, әйелдерде - 0,92 млн теңге. Сонымен қатар, 20 және одан да көп жыл бойы жинақтауды үнемі жүзеге асырған ер адамдардың орташа қоры - 5,1 млн теңге, әйелдер – 3,9 млн теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024