Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Ұлттық банктің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялар 104,4%-ға өсті. Егер жыл басында оларға 171 млрд теңге инвестиция салынса, шілде айында олар 349,6 млрд теңгені құрады.
Бұдан басқа, шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына салымдар 2,8%–ға 304,5 млрд теңгеге (акциялар – 31,4%-ға, облигациялар – 0,7%-ға) дейін өсті.
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстандық эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына инвестициялар 2,9 трлн теңгені құрады, бұл жыл басынан 3,9%-ға көп. Оның ішінде 2,7 трлн теңге облигацияларға, 244,6 млрд теңге акцияларға тиесілі.
Сонымен қатар, банктердегі депозиттерге салымдар 1,1% – ға, 783,3 млрд теңгеге дейін, сыртқы басқарудағы активтер 12,3% - ға, 93 млрд теңгеге дейін өсті. Ал ақша қаражаты мен өзге активтер үш еседен астам өсіп, 542,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Сонымен бірге, Ұлттық банк Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияларды 1,5%-ға 4,05 трлн теңгеге дейін қысқартты. Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялар 3,3%-ға 1,15 трлн теңгеге дейін азайды.
Жалпы, тамыз айының басында қаржы құралдарына инвестициялар 6,5%-ға 9,5 трлн теңгеден 10,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024