Алматы. 21 қараша. 7kun.kz - Сенат Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы "Қарасу" және "Қордай" өткізу бекеттерінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін хаттаманы ратификациялады.
"Хаттаманы ратификациялау қосымша бюджеттік қаржы бөлуге әкеп соқпайды. Құжат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы транзиттік-көлік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған» , - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сенатта "2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын ұсына отырып.
Оның айтуынша, хаттамада "Сарытөбе" және «Аухатты» автомобиль өткізу бекеттерінің мәртебелерін екіжақты қатынастан көпжақты - халықаралық өткізу бекеттеріне ауыстыру қарастырылған.
"Бұл шара "Қарасу" және "Қордай"автомобиль өткізу пункттерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осылайша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуын жақсартады, тауарлар транзитін жақсартады. Бұл адамдарға кез келген өткізу нүктелерінде шекарадан өтуге мүмкіндік береді", - деді Бейбіт Атамқұлов.
Ол, сондай-ақ, адамдар мен көліктің ең көп саны "Қордай" өткізу пункті арқылы өтетінін атап өтті. Мұнда қайта құру және жабдықтау жұмыстары жүргізіледі. Құрылыстың басталуы 2020 жылдың наурыз айына жоспарланған.
Министрлік мәліметтері бойынша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 7 өткізу пункті арқылы жылына 11 млн адам мен 466 мың көлік құралы өтеді. 2018 жылы елдер арасындағы автокөлікпен жүк тасымалдау көлемі 43%-ға артып, 1,7 млн тоннаны құрады.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024