Нұр-Сұлтан. 26 шілде. 7kun.kz – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы туризм саласына қатысты аралық көрсеткішті жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен отандық туристер саны 21,5%-ға (1,13 млн адамға дейін) көбейді.
«Орналастыру нысандары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 25,7% артық», – деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағына 550 мың адам келген. Бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2 есеге көп. Жазғы маусымда Шымбұлаққа 240 мыңға жуық адам келді. Бұл өткен жазғы маусыммен салыстырғанда 90 мыңға жуық адамға артық.
Осы жылы ұлттық саябақтарға 2 миллионға жуық адам келеді деп болжанып отыр.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2021 жылғы әлемдік туристік рейтингінде Қазақстан позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66-орынға ие болды (2019 жылы – 140 елдің ішінде 80-орын).
2021 жылы Қазақстанда отандық туристердің рекордтық саны – 7 миллионға жуық адам болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024