Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Қазақстанның бай табиғи және мәдени әлеуетін пайдалану үшін ішкі және сырттан келушілер туризмін дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Kazakh Tourism ҰК басқарма төрағасы Рашид Күзембаев қазақстандық туризмді дамыту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды primeminister.kz.
2018 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сырттан келушілер туризмі 10%-ке және ішкі туризм 5%-ке өсті. Басқарма төрағасының айтуынша, 2017 жылғы аса жоғары көрсеткішке қарамастан, осындай өсімге қол жеткізілді.
Алдын ала деректер бойынша, 2018 жылы Қазақстанға 8 488,3 мың адам келген, бұл 2017 жылға қарағанда 10,2%-ға жоғары және 2015 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім 32%-ды құрады.
БАӘ (50%), Үндістан (49%), Малайзия (44%), Гонконг (22%), Польша (16%), Оңтүстік Корея (15%) және АҚШ (5,8%) секілді мақсатты елдерден келушілер саны артқаны байқалады. Сонымен қатар, Германия, Ұлыбритания және басқа да бірқатар елдердің азаматтарының келу көрсеткіші бастапқы деңгейде сақталған.
Бұдан өзге, маркетингтік коммуникация тиімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы атап көрсеткен үздік басым туристік аумақтарды ілгерілетуге аса көңіл бөлінеді, олар: Алматы тау кластері, Астана, Щучинск–Бурабай шипажай аймағы, Түркістан, Алакөл, Маңғыстау, Баянауыл, Балқаш және Шалқар–Имантау курорттық аймағы.
Айта кету керек, өткен жылы Мәдениет және спорт министрлігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстанның туристификация картасын қалыптастыру мен аса маңызды туристік нысандарды іріктеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді, оған жұмыс қорытындысы бойынша 60 нысан мен бағыт кірді. Нысанның туристік магнит ретіндегі бірегейлігі мен туристер ағынын арттыру әлеуетінің болуы іріктеу белгілері болды. Бұған қоса, олардың тарихи-мәдени маңызы ескерілді. Бұл нысандар арасында республикалық ауқымдағы үздік 10-ына басымдық берілді, олар туристер ағынын түбегейлі арттырып, туризмнің экономикаға тигізер үлесін ұлғайтады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024