Алматы. 21 маусым. 7kun.kz - 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан 8,4 мың адам кетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық. Бұл ретте 3,2 мың адам келді - өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға артық, деп Ranking.kz хабарлады.
Сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 3,4 мыңнан 5,2 мың адамға дейін артты.
Белгілі болғандай, Қазақстанды көбінесе қала тұрғындары тастап кетеді. Ағымдағы жылдың үш айында олардың саны 7,1 мың адамды құрады.
Еліміздің қалаларына 1,8 мыңнан сәл астам адам келді,бұл қалалар бойынша 5,3 мың адамға теріс сальдоны құрады.
Сонымен бірге ауыл тұрғындарынан 1,2 мыңнан астам адам кетіп, 1,3 мыңнан астам адам келді. Ауылдық жерлерде сыртқы көші-қон сальдосы 112 адам болды.
16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарда жас топтары бойынша халықтың сыртқы көші-қонының ең үлкен теріс сальдосы - 3,7 мың адам. 15 жасқа дейінгі балалар бойынша теріс сальдо 1,4 мың адамды, зейнеткерлер бойынша — тек 27 адамды құрады.
ТМД елдерімен ең үлкен теріс сальдо — 4,8 мың адам, басқа елдерге тек 419 адам келеді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024