Алматы. 18 ақпан. 7kun.kz – Қазақстаннан басқа елдерге көшіп кеткен азаматтардың 70%-тен астамы қазақ ұлтының өкілдері емес. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев мәжілістегі үкімет сағатында айтты, - деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
«Елден көшуге келетін болсақ, бұл туралы әсіресе баспасөзде көп сөз қозғалып жүр. Бұл жалпы әлемдік үрдіс. Егер қоныс аударғандардың ұлттық құрамына қарайтын болсақ, олардың 70% - дан астамы-өзге ұлт өкілдері. Сондықтан, бұл табиғи процесс. Адамдар өз ортасын іздейді, өз тамырын іздейді. Бұл қалыпты жағдай, оны қандай да бір қасірет деп қабылдамауымыз керек», –деді министр.
«Біздің еліміздің ерекшелігі де сол – көпэтностылық, әрине, оның сақталғанын қалаймыз, елдегі ұлт пен діни көзқарастардың әр түрлілігіне қарамастан, біз барлық халыққа бірдей жағдай жасаймыз», – деп пікір қосты мәжіліс депутаты Гүлмира Исимбаева.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2018 жылы Қазақстаннан 41 мың 894 адам көшіп кеткен (2017 жылы - 37 мың 704), ал көшіп келгендер саны – 12 мың 785 ( 2017 жылы - 16 мың 81). Көші-қонның теріс сальдосы 29 мың 109 адамды құрады. Қазіргі таңда Қазақстанда халық саны 18,4 млн адамнан асады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024