Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның автокөлік нарығы үшін жеңілдік қабылданды

Қазақстанның автокөлік нарығы үшін жеңілдік қабылданды

Нұр-Сұлтан. 21 маусым. 7kun.kz – Қазақстан автонарығына өзгерістер енгізілді. Бұ туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтардан әкелінетін көліктерге SOS батырмасын орнату міндеттемесін алып тастады.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қазақстанның жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін әкелетін көлік құралдарын шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен/жүйелерімен («SOS батырмасы») жарақтандыру міндеттемелеріне қатысты «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің 13-тармағының талаптарын 2023 жылғы 1 ақпанға дейін тоқтата тұру ұсынысымен келісті.

Аталған мәселені реттеу туралы ҚР Үкіметіне бірнеше рет өтініш айтылды. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын, 2021 жылғы желтоқсанда ЕЭК Кеңесі ЕАЭО аумағында дайындалған автокөлік құралдарын аталған жүйелермен жарақтандыру жөніндегі міндеттемені 2022 жылғы шілдеге дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұдан басқа, 2022 жылғы 15 сәуірде Кеңестің шешімімен кейінге қалдыру кезеңі 2023 жылғы ақпанға дейін ұзартылды және бұл жеңілдік шетелдік өндірушілердің ресми өкілдері ЕАЭО елдеріне әкелген автокөлік құралдарына да қолданыла бастады.

Қабылданған шешімдер микросхеманың жетіспеушілігімен байланысты.

Похожие материалы