Алматы. 25 сәуір. 7kun.kz — 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 28 банк жұмыс істейді. Сектордың негізгі қаржылық көрсеткіштері теріс динамикаға ие.
Сектордың жиынтық активтері 24,6 трлн теңгені құрады, бұл жыл басындағы сектордың көрсеткіштерінен 2,6%-ға аз.
Банктердің несие қоржыны 1 қаңтардан бастап 13,76 трлн теңгеден 13,04 трлн теңгеге дейін төмендеді.
Бұл ретте, мерзімі өткен несиелер 1,99 трлн теңгеден 2,04 трлн теңгеге дейін өсті, оның ішінде 90 күннен астам мерзімі өтіп кеткен несиелер 1,12 трлн теңгені құрады.
Сектордың міндеттемелері 3,2%-ға, 21,52 трлн теңгеге дейін қысқарды. Тиісінше жеке тұлғалардың салымдары 2,5%-ға, 8,55 трлн теңгеге дейін, ал заңды тұлғалардың салымдары 2%-ға 8,11 трлн теңгеге дейін азайды.
Өз кезегінде, сектордың капиталы, керісінше, 3,06 трлн теңгеге, 1,4%-ға дейін ұлғайды.
2019 жылдың бірінші тоқсанында екінші деңгейдегі банктер 638,4 млрд теңге кіріспен 2018 жылды оң нәтижемен қорытындылады. Алайда, 50,3 млрд теңге шығын көрді.
Айта кетейік, қарастырылып отырған кезеңде активтер бойынша ең ірі банктер - Қазақстан Халық банкі, Сбербанк, Kaspi bank, ForteBank және ЦентрКредит банкі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024