Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жалғыз акционері - Ұлттық Банктің шешімімен Ақылжан Мәлікұлы Баймағамбетов қордың төрағасы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Баймағамбетов Қордың директорлар кеңесінің құрамына кірді.
«Баймағамбетов Ақылжан Мәлікұлы 1998 жылдан бастап Ұлттық банк жүйесінде жұмыс істейді. Соңғы жылдары Ұлттық инвестициялық корпорацияны басқарды, өте маңызды мәселелерді шешті. Оның тәжірибесі депозиттік нарықты реттеу, екінші деңгейдегі банктер салымшыларының құқықтарын қорғау саласында да нәтижесін көрсетті. Мен Қордың әрі қарай да өз міндеттері мен бастауларын тиімді орындауды жалғастыруын тілеймін», – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024