Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,3%-ға артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,3%-ға артты

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8 868,1 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

2018 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 8 868,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 6,3%-ға артты. Соның ішінде экспорт - 2 839,7 млн. АҚШ доллары (11,3%-ға өсті), импорт - 6 028,4 млн. АҚШ доллары (4,1%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,0%, Қырғызстан Республикасына - 4,3%, Беларусь Республикасына - 3,6%, Армения Республикасына - 0,1% келеді.

Похожие материалы