Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13982,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 8,7%-ға артты, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Оның ішінде экспорт – 4349,2 млн. АҚШ доллары (12,4%-ға өсті), импорт – 9633,3 млн. АҚШ доллары (7,2%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.