Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 186 537 теңгені құрады.
Ең жоғары жалақы Атырау облысында - 325 мың теңге, Маңғыстау облысында - 289 мың теңге, Нұр-Сұлтанда - 287 мың теңге тіркелді. Жамбыл облысында ең төмен жалақы - 126 мың теңге.
Атаулы жалақы индексі өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 114,6%-ды, нақты 108,9%-ды құрады.
Салалық құрылымда ең жоғары номиналды жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 458,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,5 есе артық), кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 387,3 мың теңге (2,1 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 315,1 мың теңге (1,7 есе), ақпарат және байланыс саласында – 274,8 мың теңге (1,5 есе), құрылыс саласында – 233,0 мың теңге (1,3 есе) белгіленді.
Атаулы жалақының ең төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығында белгіленді – 112,9 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 39,5%-ға төмен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024