Қазақстанға негізгі дәрі-дәрмектер жеткізуші елдер – Ресей, Украина және Беларусь. 2021 жылы Қазақстанға әкелінген дәрі-дәрмектің үштен бірінен астамы Ресейдің үлесіне тиесілі, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазақстанда осы жылдың қаңтарындағы фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 11,1 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың қаңтарына қарағанда 13%-ға көп. Ал дәрі-дәрмек өндірісінің көлемі ақшалай түрде 13,8 %-ға өсіп, 9,8 миллиард теңгеге жетті.
2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттардың бағасы бір жылда 3,3 %-ға өсті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда айтарлықтай төмен көрсеткіш. Өткен жылы "Хилак форте" (бірден 42,1%-ға), ацикловир (12,3%-ға), "Эссенциале форте Н" (11,4 %-ға) бағалары айтарлықтай өсті.
Бұл ретте қазақстандық нарық тікелей импорттық дәрі-дәрмектерге тәуелді. 2021 жылы импорттық антибиотиктердің үлесі 85,2 %-ды, импортталған провитаминдер, дәрумендер және олардың туындылары шамамен 100 %-ды құрады.
2021 жылы Қазақстанға 1,1 миллиард долларға 21,7 мың тонна дәрі әкелінді. Оның үштен бірінен астамы Ресейден яғни, 7,5 мың тонна, 92,7 млн долларға (ақшалай алғанда жалпы импорттың 8,3%) импортталды.
2021 жылы Украинадан 22,4 миллион долларға 879 тонна дәрі-дәрмек, ал Беларуссиядан 863,8 миллион доллар тұратын 13,3 тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Сарапшылардың айтуынша, аталған үш ел де қазір Украинадағы қарулы қақтығыспен тығыз байланысты. Сондықтан бұл Қазақстанның дәрі-дәрмек импортына жағымды әсер етуі екіталай.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024