Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылғы қарашада Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 30,2 млрд АҚШ долларына дейін 3,8%-ға немесе 1 114,2 млрд АҚШ долларына ұлғайды. Жыл басынан бері 2,7%-ға немесе 838,6 млн АҚШ долларына төмендеді, - деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.
Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,6 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2018 жылғы қарашаның соңында 87,8 млрд АҚШ доллары болды.
Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен және банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюымен бейтараптандырылды.
Ақша базасы қарашада 3,3%-ға кеңейді және 5 988,4 млрд теңге (жыл басынан бері 8,2%-ға кеңейді) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 750,0 млрд теңгеге дейін 8,2%-ға кеңейді (жыл басынан бері 11,4%-ға кеңею).
Қарашадағы ақша массасы алдын ала деректер бойынша 0,8%-ға аздап ұлғайды (жыл басынан бері 2,3%-ға ұлғайды) және 19 896,6 млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 082,5 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға төмендеді (жыл басынан бері 7,0%-ға ұлғайды).