Алматы. 11 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылы 2019 жылдың қаңтарында қазақстандық мұнай 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ке арзандап, бір тоннасы үшін 62,5 мың теңгені құрады.
Статистика комитетінің мәліметінше, қаңтарда ең қымбат шикізат қызылордалық мұнай болған. Бұл өңірдегі мұнайдың бір тоннасы үшін баға 84,2 мың теңге көлемінде болған (төмендеу 1,9%).
Өз кезегінде, ақтөбелік мұнай жыл басынан бері 0,7%-ке арзандаған (тоннасы үшін 76,1 мың теңгеге дейін), ал маңғыстаулық – 5,1%-ке (тоннасы үшін 54,5 мың теңгеге дейін), атыраулық – 6,3%-ке (тоннасы үшін 61,1 мың теңгеге дейін) арзандаған.
Ал, қаңтарда бензин бағасы 139,8 мың теңгені құрап, 5% арзандай түскен.
Сонымен қатар, дизель отыны бір ай ішінде 0,1% арзандап, 71,2 мың теңгені құраса, мазут 1,8% арзандап, 71,8 мың теңге шегінде болған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024