Қазақстанның оңтүстік аймақтары «Еңбек» бағдарламасы бойынша көш бастап тұр
Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Биылғы бес айда Алматы, Түркістан және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл облысы «Еңбек» бағдарламасына қатысатын өңірлердің ішінде көшбасшылардың үштігіне кіреді. Қаржыландыру құралы бойынша ШОБ жобаларына берілген 5,3 млрд теңгенің 2,35 млрд теңгесі осы үш аймаққа тиесілі.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыруға 5,3 млрд теңге бөлініп, 507 жоба қолдауға ие болды. Бірінші орында Алматы тұр, онда «Еңбек» бағдарламасына сәйкес, 858,28 млн теңгеге 66 жоба қаржыландырылды. Екінші орында –Шымкент және Түркістан облысы 70 жоба 775,97 млн теңгеге игерілді. Үштікті Жамбыл облысы жабады, онда 722,05 млн теңгеге 60 жоба қолдау тапты. Нұр-Сұлтанда 230,17 млн теңгеге 22 жоба, Ақмола облысында 248,81 млн теңгеге 24 жоба қолдау алды.
Ақтөбе облысында қаржыландыру бойынша бағдарлама аясында 409,8 млн теңгеге 41 жоба, Алматы облысында – 129,17 млн теңгеге 12 жоба, Атырау облысында – 12,34 млн теңгеге 3 жоба қолдау тапты. Шығыс Қазақстан облысында 503,52 млн теңгеге 45 жоба, Жамбыл облысында – 722,05 млн теңгеге 60 жоба, Батыс Қазақстан облысында – 50,31 млн теңгеге 7 жоба қаржыландырылды. Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне 35 жобаға 431,4 млн теңге, Қостанай облысына – 481,42 млн теңге 68 жобаға, Қызылорда облысына – 136,10 млн теңге 18 жобаға, Павлодар облысына – 230,64 млн теңге 29 жобаға және Солтүстік Қазақстан облысына – 48,43 млн теңге 7 жобаға берілді.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың үш жылы үшін бюджеттен 39,51 млрд теңге бөлінді. «Даму» қоры екінші деңгейлі банктерге және микроқаржылық ұйымдарға 43,4 млрд теңге бөлді. Бағдарлама аясында 24,53 млрд теңге сомасына 2271 қарыз алушы қаржыландырылды. Кепілдік беру құралы бойынша 5 млрд теңгеден сәл астам сомаға 888 кепілдік берілді.