Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның қай өңірінде минералды су қымбат?

Қазақстанның қай өңірінде минералды су қымбат?

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Жаздағы жоғары ауа температурасы Қазақстанда минералды судың сұранысы мен бағасына әсер етеді. Елдегі ең қымбат бөтелкедегі минералды су Нұр-Сұлтан, Алматы және Көкшетау қалаларында тіркелді, деп хабарлайды EnergyProm сайты.

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында алкогольсіз сусындарды өндірушілер 334,4 млн литр минералды және газдалған суды шығарды. Өзге де алкогольсіз сусындар 774,6 млн литр көлемінде өндірілді, бұл өз кезегінде өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 26,9%-ға артық.

Елдегі сусындардың ірі өндірушілері "Asia Waters" ("Көкшетау минералды сулары" АҚ), "Визит" алкогольсіз сусындар зауыты "Рауан" ЖШС, "Юникс" ЖШС (Түркістан облысы), "Galanz Bottlers" АҚ, "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы облысы), "Raimbek Bottlers", "Либелла Боттлерс", "Рикс Лтд" ЖШС (Алматы облысы) және т. б. болды.

Ағымдағы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша қазақстандық өндіріс көлемі сусындар мен суға деген сұраныстың 92,4%-ын қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 7,6%-ды құрады.

Жаздың ортасына қарай елімізде бір литр бөтелкедегі ауыз судың орташа бағасы 88,55 теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 12,1%-ға қымбат. Ең қымбат су Нұр-Сұлтанда - литріне 99 теңге, Алматыда – 97 теңге және Көкшетауда – 96 теңге. Ең арзаны Қарағанды мен Оралда.

Похожие материалы