Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – «Силикон жазығы» сияқты шетелдік компаниялардан үйренетініміз көп. Егер соны іс жүзінде атқара білсек, жетістіктерге жетуге болады. Бұл туралы Antler компаниясының негізін салушы, «Astana Hub» IT-стартап халықаралық технопаркінің тәуелсіз кеңесші Джозеф Циглер Алматыда журналистермен кездесу кезінде 7kun.kz тілшісі сауалына жауабында айтты.
Шетелдік кеңесшінің айтуынша, Қазақстан келешекте инновациялық экожүйе саласында халықаралық компаниялармен ынтымақтаса жұмыс істеуін жалғастыра бермек.
«Олармен қазірдің өзінде жоғары деңгейде жұмыс істеудеміз. Шетелдік инновациялық компаниялармен серіктестікте жұмыс істеу тиімді, олардың жаңа стартапшыларымен ынтымақтаса жұмыс істеу ары қарай дами түсу үшін қажет»,-дейді ол.
Сонымен қатар ол, ертең Алматыда өтетін форум шетелдік көшбасшы компаниялармен түрлі байланыстар орнатуға мүмкіндік беретіндігі жеткізді.
«Айтып өткенімдей, олармен ынтымақтаса отырып Қазақстанның экожүйесін дамытуға, жоғары деңгейге көтеруге болады. Қазір Қазақстанның стартапы дамудың алғашқы кезеңін басынан өткеруде. Оны дамыта түсу үшін халықаралық компаниялармен көбірек тәжірибе алмасу қажет, яғни жас стартапшыларға бағыт көрсетіп, оларды үйрету керек. Қазір біз осы кезеңдеміз, сондықтан Қазақстанның экожүйесін дамыта түсуге әлі уақыт қажет»,-дейді Д. Циглер.
Сөз арасында ол 2018 жылдың күзінен бастап Астана хабта жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Алғаш Астанаға келгенімде технопарк бос жатыр еді, қазір түрлі стартаптар мен инновациялық жоба иегерлері келіп толыса бастады. Яғни, Астана хабта қандайда бір қозғалыс басталды», -деді ол.
Сондай-ақ ол, қазір қандай жобамен жұмыс істеп жатқанын да айтып берді.
«Мен кәсіпкермін, қазір «Болашақтың қаласы» жобасымен жұмыс істеп жатырмын. Бұл жоба цифрлы үкімет жайында, онда барлығы онлайн режимде болады. Ол өзге де шет елдермен қоса Қазақстанда да жұмыс істейтін болады. Цифрлы үкімет Қазақстанда дамуы керек, өйткені мұнда тұрғызылып жатқан жаңа ғимараттар және халықтың еңбекке деген сүйіспеншілігі мені одан әрі ынталандыра түсуде», -дейді шетелдік кеңесші.
Айта кетейік, Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» атты форумда ЕАЭО мүше елдердің Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024