Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы азайды

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы азайды

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,3%-ды құрады, - деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.

Аталған кезеңде бөлшек сауда көлемі 3055,6 млрд теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 105,3% құраса, көтерме сауда көлемі 6506,6 млрд теңгені немесе 2018 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108% құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда сыртқы сауда айналымы 20361 млн долларды құрап, 2018 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,7% азайды, оның ішінде экспорт – 13313,8 млн доллар (4,3% кем), импорт – 7047,2 млн долларды құрады (2,7% кем).

Похожие материалы