Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның алтын валюталық резервтері 9%-ға төмендеді

Қазақстанның алтын валюталық резервтері 9%-ға төмендеді

Жыл басынан бері Қазақстанның алтын валюталық резервтері (АВР) 9%-ға азайды, деп хабарлайды LS.

2015 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанның АВР-тері (Ұлттық қордың активтері мен жалпы халықаралық резервтерді қоса алғанда) 92, 836 млрд долларды құрады. 2015 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткіш 102,452 млрд доллар көлемінде болатын. Осылайша, 11 ай ішінде 9,4%-ға төмендеген.

Мемлекеттің халықаралық резервтері жыл басында өскен еді. Жылдың 1 сәуіріне дейін жалпы резервтер 29 млрд долларға жетіп, кейін 28,5 млрд долларға дейін төмендеді. Алайда, 1 қыркүйек күні резервтер қайтадан 29 млрд долларға өсті.

2015 жылдың 1 желтоқсанында Ұлттық қордың активтері 64,239 млрд долларды құрады. Ал бұл көрсеткіш 2015 жылдың 1 қаңтарында 73,243 млрд долларды құраған болатын.

Фото:nb.kz 

Похожие материалы