«Қазақтар келісіп қойыпты!»: Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді
Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz – Белігілі ресейлік әнші Лев Лещенко Қазақстанға не үшін келгенін түсіндірді. Ол бірнеше күн бұрын Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бірінен ЖСН алған еді, деп хабарлайды 7kun.kz.
БАҚ-та оның Медеу ауданындағы ХҚКО қызметкерлерімен түскен суреті жарияланған болатын.
"Мен өзімнің досымның - бұрынғы премьер-министрдің туған күніне бардым. Дастархан басында отырып қайттым, болды. ХҚКО-ға белгілі бір операцияны рәсімдеу үшін кірдім. Ал енді мені сол жақта қалады деп айтып жатыр. Жоқ, мен Байқоңырдан Марсқа ұшу үшін құжат рәсімдедім. Қазақтар келісіп қойыпты! Бірақ мұның ақымақтық екенін түсінесіздер. Бүгін мен Колона залында ән айтып, Александра Пахмутова Николаевнамен пионерия күнін жауып жатырмын", - деді Лещенко teleprogramma.pro басылымына берген сұхбатында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024