Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – "Қазақтелеком" қазақстандық операторы мен телекоммуникация жабдығының шведтік өндірушісі Ericsson Қазақстанда 5G технологиясын дамыту үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды оператордың баспасөз қызметі.
Құжатқа Барселонадағы Дүниежүзілік Мобильді конгресте (MWC 2019) қол қойылды.
Меморандум Қазақстан аумағында радиоқолжеткізу желілерін дамыту саласындағы, оның ішінде 5G технологиясының негізінде әлеуетті ынтымақтастық мәселелерін анықтайды.
"Қол қойылған меморандум Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның ірі клиенттері үшін осыған ұқсас зерттеулер жүргізу бойынша Ericsson тәжірибесін қолдана отырып, Kcell және Altel/Tele2 қолданыстағы 5G желісіне көшуі бойынша ұсыныстар әзірлеу және зерттеулер жүргізу үшін тараптардың өзара іс-қимылын анықтайды", - делінген хабарламада.
Швед компаниясымен ынтымақтастық нәтижесінде "Қазақтелеком" АҚ технологиялық стратегия бойынша ұсыныстар алуға және болашақ шоғырландырылған желіні иелену құнын барынша азайтуға ниетті.
"Ұзақтығы 3 айға есептелген зерттеу аяқталғаннан кейін 2019-2020 жылдарға Ericsson қатысуымен 5G тестілеуді өткізу бағдарламасы ұсынылады", - деді баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, тараптар SDN/NFV технологияларын пайдалана отырып виртуалдандыру және бұлтты байланыс тораптарын қалыптастыру бойынша жоспарлар мен тәжірибемен алмасуға және одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірлесіп талдауға келісті.
5G технологияларын пилоттық енгізу бағдарламасы 2019-2021 жылдарға есептелген және 5G пайдаланудың түрлі сценарийлерін тестілеудің үш кезеңін көздейді, оның ішінде тіркелген-сымсыз қатынау (FWA), жақсартылған кеңжолақты мобильді байланыс (eMBB) және машинааралық өзара әрекеттесу (mMTC).
5G пилоттық енгізу бағдарламасының міндеттеріне техникалық іске асыру мүмкіндіктерін тексеру және түрлі 5G сегменттердің виртуалдануын тестілеу кіреді: радиоқатынау желілері (vRAN) және пакеттік ядро (5GC).