Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы компания акционерлеріне 2018 жылға дивиденд төледі. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
"2019 жылғы 30 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында акционерлер бір жай акцияға (бір ЖДҚ бір жай акцияға тең) 308,46 теңге сомасында дивиденд мөлшерін бекітті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтердің жалпы сомасы шамамен 80 млрд теңгені құрады", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіпте акциялар бойынша сыйақы төлеу акционерлердің банктік шоттарына қолма-қол ақшасыз және бір реттік төлеммен жүзеге асырылғанын айтты.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың қараша айында Қазатомөнеркәсіп "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО/AIX) биржасында және Лондон қор биржасында (LSE) өз акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының листингін сәтті жүзеге асырды. Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздарының IPO-сынан кейін компанияның жарияланған акцияларының жалпы санының 85,08%-ы "Самұрық-Қазына" АҚ иелігінде қалды. Ал 14,92%-ы еркін айналымда және бүкіл әлемдегі бөлшек және ірі институционалдық акционерлерге тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024