
Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz — "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы KASE-ге жазылу арқылы 70 млрд теңге тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
«Жазылым» сауда жүйесінің модулінде KZ2C00006153 (KZAPb2, 1000 теңге, 70,0 млрд теңге, 4,00% - жылдық купон) халықаралық облигацияларын бастапқы орналастыра отырып, оларға жазылу арқылы жүзеге асырылды », - делінген хабарламада.
Сатушы «Halyk Finance» АҚ болды. Жазылым нәтижелері бойынша "Қазатомөнеркәсіп" жоспарланған барлық көлемді орналастырды.
Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте өткен SPO барысында "Самұрық-Қазына" қоры GDR формасында ұсынылған 9,863 млн "Қазатомөнеркәсіптің" қарапайым акциясын қағазына 13 доллар бағасымен орналастырды. Кеше Лондонда осы құралдардың сауда-саттығы 14,75 доллар шамасында жабылды.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025