Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz — "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясы I жартыжылдықта уран өндірісін 1%-ға, 10,8 мың тоннаға дейін қысқартты.
"I жартыжылдықта уран өндіруші кәсіпорындардағы иелену үлесіне пропорционалды өндіріс көлемі 6,226 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға артық. Үлеске пропорционалды өндіріс көлемі - компанияның үлестік қатысу мөлшеріне пропорционалды үлесі бар және бірлескен кәсіпорындар немесе үшінші қатысушылар бойынша серіктестерге жататын қалған бөлігін қамтымайтын кәсіпорындар өнімдерін шығару көлемі", - делінген компания хабарламасында.
Бұдан басқа, есепті кезеңде "Қазатомөнеркәсіптің" және оның еншілес компанияларының сату көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,425 мың тоннаға дейін 3%-ға төмендеді, уран концентратының фунтын сатудың орташа бағасы 19%-ға, 25,92 долларға дейін өсті.
«Топтың сату көлемі II тоқсанда жоғары болды, бұл бірінші тоқсаннан 2-тоқсанға күтілетін жеткізілімнің кейінге қалуына байланысты. 2019 жылдың бірінші жартысында сату көлемі 2018 жылға қарағанда төмен болды, бірақ 2019 жылдық болжамдарға сәйкес. Сату көлемі әр тоқсан сайын өзгеруі мүмкін және тоқсандық сату көлемі клиенттердің өзгермелі сұраныстары мен жеткізу бойынша қызметтің салдарынан жылдан жылға өзгереді",-делінген хабарламада.
Сонымен бірге, есепті кезеңде бір фунт уранның орташа бағасы 2019 жылы спот бағасының өсуіне және компанияның келісімшарт портфелі мен уранның ағымдағы спот бағалары арасындағы тығыз өзара байланысы әсерінен жоғары болды.
Айта кетейік, 2019 жылы "Қазатомөнеркәсіп" 22,75-тен 22,8 мың тоннаға дейін уран өндіруді жоспарлап отыр. Компанияның өндіру деңгейі жоспардағы өндіріс көлемін 20%-ға төмендету ниетін ескере отырып, 2019 жылы үлесіне пропорционалды түрде 13–13,5 мың тоннаны құрайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024