Жамбыл облысы. 25 қараша. 7kun.kz – «Қазфосфат» ЖШС Жаңатас кен орнында жұмысшылар ереуілге шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Олардың зауыт басшылығынан жалақыны көтеруді талап етуде.
«Бұл факті бойынша 20 ерікті қызметкерден тұратын жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына цех басшылары, кәсіподақ өкілдері кірді, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпорындағы жағдай тұрақты және облыс әкімінің жеке бақылауында екені атап өтілді.
Айта кетсек, бұған дейін Тараздағы «Қазфосфат» ЖШС жұмысшылары ереуілге шыққан болатын. Ол кезде Ресейден келген жаңа басшы зауыт қызметкерлеріне қатысты айтқан мәлімдемесіне байланысты туындаған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024