Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz - «Қазкоммерцбанк» АҚ мен "Халық банк" АҚ алдын ала келіссөздер жүргізе бастады. Бұл туралы Қазкомның баспасөз қызметі хабарлады.
Банк өкілдерінің мәліметінше, банк акционерлері ҚКБ және Халық Банк арасында әлеуетті мәміле жөнінде алдын ала келіссөздерді жүргізе бастаған. Алайда келіссөздер қандай мақсатпен жүргізіліп жатқаны туралы айтылмады.
«Қосымша ақпарат қажетті болған жағдайда тиісті мерзімде берілетін болады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін аталған екі банктің бірігетіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда қаржы институттары оны жоққа шығарған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024