«ҚазМұнайГаз» бен Eni компаниясы Абай жобасы бойынша бірқатар келісімге қол қойды
Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Эни Исатай Б.В.» Абай жобасы бойынша бірқатар келісімге қол қойды, - деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.
2019 жылғы наурыздың 11-і күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Эни Исатай Б.В.» компаниясы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Абай» учаскесі жөніндегі жобаны бірігіп іске асыру шеңберінде бірлескен қызмет туралы келісімге және қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.
Қол қойылған келісімдер негізінде тараптар ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне сәйкес тікелей келіссөздер жүргізуге және көмірсутекті шикізатты барлау мен өндіруге келісімшарт жасасуға ҚР энергетика министрлігіне өтінім береді.
«ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) − көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90,42%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, 9,58%-і Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024