«Қазпочта» АҚ жеке тұлғалар үшін ақша аударымдарының жаңа түрін іске қосты. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа қызмет қазақстандық VISA төлем карточкаларының қолданушыларына «Сәлем, Теңге!» жүйесі арқылы ақша аудару және кез келген бөлімшеде қолма қол ақшаны алуға мүмкіндік береді. Осы жыл ішінде бұл қызмет MasterCard төлем карточкаларының қолдаушыларына да қолжетімді болады. «Енді, клиенттер Қазақстан бойынша Қазпочтаның кез келген филиалында төлем картасы арқылы ақша аударымын жүзеге асыра алады. Ақшалай қаражаттарды алу үшін, клиенттің жеке күәлігінен басқа, 15-таңбалы код пен кодтық созі болуы тиіс. Оларды ақша жіберуші хабарлауға міндетті»- деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісіті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық халықаралық төлем жүйесінің карта ұстаушыларына классикалық «Card2Card» қызметі еңгізіледі. Ол арқылы Visa2Visa және MasterCard2MasterCard ақша аударымдарын жүзеге асыруға болады. Қызметтермен мобильді қосымша «POST.KZ» арқылы немесе www.transfer.post.kz сайты арқылы пайдалануға болады. Сайтта тіркеу үрдісін өтіп, жеке кабинетіне кіріп және мәзіріндегі «картадан картаға» немесе «картадан қолма қол алу» пунктін таңдау керек. Егер клиент электрондық поштасының мекенжайын профилде көрсетсе, чектердін электронды көшірмелерін қабылдай алады. Бір аударманың ең аз соммасы 500 теңге болып табылады. «Card2Card» қызметінің максималды соммасы - 1 миллион теңге комиссиясын есепке алғанда, ал 500 мың теңге комиссиясын есепке алғанда «Сәлем, Теңге!» қызметінің максималды соммасы болып табылады. Аудармалар бірден жасалады. Минималды комиссия 300 теңге болып табылады және автоматты түрде жіберүшіден ұсталады. Бүкіләлемдік пошта одағы компанияның төлем шешімдерінің аталған қызметін елішілік ақша аударымдарды цифрлық формаға түрлендіру табысты мысалы ретінде атап өтті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024