«Қазпошта» басшысы қателік жасаған қызметкерін жазаламайтынын айтты. Бұл туралы "Қазпошта" АҚ-ның Басқарма төрағасы Бағдат Мусин өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.
"Құрметті Ксения Грицаева спиннингке тапсырыс берген. Бірақ біздің қызметкеріміз спиннингті бүктеп салған екен. Кешіріңіз! Анықтап, құнын төлейміз немесе жаңа спиннингке тапсырыс береміз. Бұл-біздің кінәміз, қызметкерлерді оқытуды сапалы жүгізбейміз, нақты айтқанда Постаматқа тауар салғанда "не істеу қажеттігін" үйретпейміз. Кешірім өтінемін. Қызметкерді жазаламаймыз, қателікпен жұмыс істейміз. Түсінгендеріңізге рахмет. Кез-келген өзгеріс енгізерде қателік болатынын түсінетін шығарсыздар. Бастысы, оларды жойып, алдағы уақытта ондай қате болмау үшін жұмыс істеу қажет", - деп жазады ол. Артем Дерягин есімді қолданушы Фейсбуктегі парақшасына интернет арқылы қытайдан қармақ алуға тапсырыс беріп, бірақ оның пошта қызметкері бүктеп салған соң, бүлініп қалғанын жазған еді. Оны өз парақшасында бөлісіп, жауап жазған "Қазпошта" басшысы кешірім сұрап, қателікпен жұмыс істейтінін айтқан.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024