Ірі газ-энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы өңірлердегі бизнес субъектілерімен тығыз әрі шұғыл жұмыс істеуге уәде беріп отыр.
Бүгін ОКҚ өткізген брифинг барысында «ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ бас директоры Ибулла Сердиев компанияның Қазақстан бойынша газдандыруды ұйымдастыру бойынша мемлекеттік лицензиясы бар компанияларға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. «Бүгінгі күні Қазақстан бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарын атқаруға лицензиясы бар мердігер компаниялар көп. Мұндай жұмыс түрі бәсекелі ортада болғандықтан, мемлекеттік лицензиясы бар кез келген компания осы қызметтерді атқара алады», – дей келе, – «ҚазТрансГаз – Аймақ» АҚ-ның Қазақстан бойынша филиалдары бар. Сондықтан, егер газдандыруға қатысты мәселелер туындай қалса, біз қысқа мерзім ішінде сіздерге техникалық шарттарды ұсынып, жобасын сызып, газ жүргізіп бере аламыз. Кей мердігерлік компаниялар еш келісім-шартсыз, яғни, өрескел заң бұзушылықпен газдандыруды іске асырып отырған. «ҚазТрансГаз» бұл нысандарды қабылдамайды», – деп, сөзін қорытындылады Ибулла Сердиев. Ол келтірген деректерде Қазақстан бойынша газдандыру құны 200-ден 400 мың теңге аралығында тұрақтаған. Сондай-ақ, қазір Қазақстанда мемлекеттік лицензиясы бар және газдандырумен айналысатын шамамен 80 компания жұмыс жасайды екен.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024