«ҚазТрансОйл» компаниясы қазақстандықтарға 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарды
Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – «ҚазТрансОйл» тұтынушыларға 1 млрд теңгеден астам қаржы қайтарды, - деп хабарлайды монополияға қарсы комитет.
Құрылымда хабарлағандай, қазақстандық компанияға табиғи монополиялар туралы заңның сақталуына қатысты тергеу жүргізілді.
«Тексеру нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ іс-қимылында табиғи монополиялар туралы Заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Аталған бұзушылықтар компания 2014, 2016, 2017 жылдарға арналған тарифтік сметаны және 2014 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша жалпы сомасы 1 041 133 640 теңгені орындамағандығына байланысты», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде, комитет тұтынушыларға суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметі бойынша негізсіз алынған кірісті қайтару туралы бұйрық шығарды. Компания қазақстандықтарға табысты қайтарды. Сонымен қатар, компания 293 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024