Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – Вице-министр Г. С. Исаеваның басшылығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары барысында ҚХР "ChemChina" Мемлекеттік компаниясы, Пекин қаласындағы Syngenta еншілес компаниясы арасында келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында ҚХР "ChemChina" Мемлекеттік компаниясы мен оның еншілес Syngenta компаниясы тарапынан Жамбыл облысындағы "Тараз" Химиялық паркі" АҚ АЭА аумағында гербицидтер өндірісіне инвестиция салу мүмкіндігі талқыланды.
Екі жыл бұрын ChemChina компанисы Syngenta еуропалық компаниясын 43 миллиард долларға сатып алды. Қазір екі қытайлық Sinochem және ChemChina компаниялары біріктіріліп жатыр.
Sinochem-ChemChina Біріккен компаниясы мұнай өнімдері мен автокөлік шиналарынан медицина қолғаптары мен жәндіктерді жоюға арналған өнімдерді шығарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024